95 жылдық тарихы бар білім ордасы
Экономиканың негізгі салаларына білікті кадр даярлау – Мемлекет басшысы Жолдауында белгілеген маңызды міндеттердің бірі. Қарағанды жоғары политехникалық колледжі бұл бағытта 95 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оқу орнында теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларды меңгеруге және заманауи технологияларды игеруге басымдық берілген.