Құқықтық тәртіп әліппесі
Қылмыстық атқару мекемесі - қатаң тәртіп пен белгіленген ережелерге бағынатын орта. Бірақ мұнда жазасын өтеушілер еңбек етіп, белгілі бір кәсіпті меңгере алады. Тіпті бостандыққа шыққаннан кейін де осы бағытта жұмысын жалғастыруға мүмкіндік бар. Қылмыстық-атқару жүйесінің жұмысымен танысу үшін өңірімізде студенттер, кәсіпкерлер мен қоғам өкілдеріне арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Бұл - облыстық прокуратураның «Құқықтық тәртіп әліппесі» жобасы аясында өтті.