Жол жөндеу және жасыл желекті көбейту
Қарағанды облысында жол инфрақұрылымын жаңарту және орман қорын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылуда. Биыл өңірде 640 шақырымнан астам автожол жөнделіп, миллиондаған көшет отырғызылды. Атқарылған жұмыстардың барысы мен алдағы жылға арналған жоспарлар облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте талқыланды.