Еңбек адамы – ел мақтанышы
Адал еңбек етсең – абырой биігінде боласың. Бұл Балқаш қаласының тұрғыны, Кенжеғұл Әділбайұлының өмірлік кредосы. Ол ғұмырының жарты ғасырын Балқаш мыс балқыту зауытына арнаған еңбек адамы. Ардагер металлургтың өнегелі жолын ұлы мен ұрпағы лайықты жалғады.