Жылу маусымы: дайындық пен қауіпсіздік
Мемлекет басшысы Жолдауында энергетикалық нысандарды салу мен жөндеудің, инженерлік желілер мен инфрақұрылымды жаңғыртудың маңызын атап өтті. Осы міндеттер аясында жылу маусымын тұрақты өткізу мәселесі де өзекті. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында қысқы кезеңге дайындық пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қаралды.