Негізгі Жаңалықтар Төтенше жағдайға дайындық

Төтенше жағдайға дайындық

Қарағанды облысында тұрғындарға арналған шұғыл хабарлау жүйесінің дайындығы тексеріледі. 12 қараша күні сағат 10:00-де өңірдің барлық қаласы мен ауданында «Баршаңыздың назарыңызға!» деген дабыл сигналы беріледі. Дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Іс-шара «Қыс-2026» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ұйымдастырылады. Төтенше жағдайлар департаменті бұл жоспарлы тексеріс екенін ескертеді. Тұрғындар мен өңір қонақтарынан сабыр сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауды сұрайды.

Бөлісу