Жасыл желек – жер көркі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңіндегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Президент «Таза Қазақстан» бастамасы бір реттік акция емес, әрбір азаматтың өмір салтына айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Осы мақсатта өңірде «Бірлік – Таза Қазақстан үшін» дәстүрлі экологиялық акциясы басталды.