Республика күні: тәуелсіздікке бастаған тарихи қадам
25 қазан Қазақстан Республика күні атап өтіледі. Бұл күн еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануымен тығыз байланысты. Тарихи құжат тәуелсіздікке бастар жолдағы маңызды қадам болды. Бүгінде Республика күні ел тарихындағы елеулі оқиғаларды, мемлекеттіліктің қалыптасуын және ұлттық құндылықтарды дәріптейді.