Негізгі Жаңалықтар Креативті индустрияның жаңа белесі

Креативті индустрияның жаңа белесі

Қолөнерден жасанды интеллектке дейін. Қарағанды облысының креативті индустрия өкілдері Астанада бас қосты. Qazaq Creative Hub алаңында өткен жәрмеңкеге 55-тен астам дизайнер, суретші, зергер, қолөнер шебері мен IT-маман қатысты. Олар өңірдің мәдени мұрасы мен заманауи технологиялар саласындағы жобаларын таныстырды. Жәрмеңке шығармашылық өкілдеріне өз өнімдерін көпшілікке ұсынып, жаңа серіктестер табуға мүмкіндік берді.


Бөлісу