CAMS: өндіріске жаңа серпін
Қарағандыда Central Asia Mining Services компаниясының өндірістік алаңы ашылды. Жаңа нысанда танымал брендтердің тау-кен жабдықтары жөнделіп, қалпына келтіріледі. Сондай-ақ түпнұсқа қосалқы бөлшектер жеткізіліп, білікті мамандар даярланады. Жоба Қазақстандағы кәсіби сервисті дамытуға және кен өндіруші кәсіпорындардың шығынын оңтайландыруға бағытталған.