Жақсылыққа жол ашқан жоба
Қарағандыда "Біз әлемге жүрегімізбен сезінеміз" жобасы аясында семинар өтті. Ол № 1 арнайы мектеп-интернат базасында ұйымдастырылды. Оған ата – аналар мен оқушылар қатысты. Іс-шарада көру қабілеті бұзылған балалардың мүмкіндіктері, заманауи технологиялар және инклюзивті білім берудің маңыздылығы туралы айтылды.