Республикалық театр фестивалі басталды
Қарағандыда Әшірбек Сығай атындағы «Сын – шын болсын…» ІІІ республикалық театр фестивалі басталды. Өнер додасына, еліміздің әр өңірінен театр ұжымдары жиналды. Биыл бұл шара Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95-маусымымен тұспа-тұс келді.