Жас спортшының кезекті жеңісі
Қарағанды облысында спортшылардың жаңа буыны қалыптасып келеді. Олар тек респпублика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де табысқа жетуде. Солардың бірі - 12 жастағы каратэші Валерия Шабатура. Киокушинкай каратэмен тоғыз жыл бойы жаттығып, екі дүркін әлемнің вице-чемпионы және Азия жүлдегері атанды.