Арзан тауардың арбауы
Қарағандыда тауар пирамидасына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жетті. Қазір іс бойынша 450-ден астам адам жәбірленуші деп танылған. Қазыбек би аудандық сотында тараптар жарыссөзге кірісті. Айыпталушылар адамдарға автокөлік, тұрмыстық техника, жиһаз, тіпті ауыл шаруашылығы техникаларын нарықтағы бағадан үш-төрт есе арзанға сатып алуға уәде берген. Арзан тауарға сенген жұрт миллиондап ақша төлеген. Алайда көпшілігі тапсырысын да, қаражатын да қайтара алмаған.