70 мыңнан астам шабақ суға жіберілді
Федоров су қоймасының балық қоры тағы да толықты. Қарағанды қаласының резервтік су айдындарының біріне 70 мыңнан астам тұқы шабағы жіберілді. Мамандар бұл жұмысты су биоресурстарын сақтап, балық қорын молайтудың маңызды тетігі дейді. Табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған бұл жұмыс «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылып отыр.