Оғыландар олжамен оралды
Қарағанды облысының спортшылары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бес медаль еншіледі. Болат Сапар самбодан чемпион атанып, алтын медаль иеленді. Ұлттық ойын – көкбөріден Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Мирас Тақауиев күміс жүлдеге қол жеткізді. Жерлестеріміз ордо сайысы мен самбодан, овари ойынында үш медаль жеңіп алды.