Негізгі Жаңалықтар Жастар форумы: Саналы таңдау. Тәртіп. Жауапкершілік.

Жастар форумы: Саналы таңдау. Тәртіп. Жауапкершілік.

Қарағандыда жастардың құқықтық сауатын арттыруға арналған форум өтті. «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» атты жиынға 15 мыңнан астам колледж және жоғары оқу орнының студенті қатысты. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде өткен басқосуды облыстық прокуратура мен әкімдік бірлесіп ұйымдастырды. Жастарға заң талаптары, жауапкершілік және құқық бұзушылықтың салдары түсіндірілді.


Бөлісу