Арқа өнері Анкарада әуеледі
Қазақтың дәстүрлі өнері Түркия төрінде ұлықталды. Анкарада әнші-композитор Манарбек Ержановтың 125 жылдығына арналған тағылымды кеш өтіп, Арқа өнерпаздары ұлы тұлғаның шығармашылығын түркі жұртына таныстырды. Шара аясында шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, күйшінің рухына тағзым жасалды.