Қолдау жүйесі тиімділігін арттырады
Қарағанды облысында аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған бірыңғай қолдау жолын сынақтан өткізу қолға алынуда. Бұл өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар жандарды кешенді әлеуметтік, медициналық және педагогикалық қолдау жүйесін ретке келтіруге бағытталған маңызды бастама.