Негізгі Жаңалықтар Егін алқабы кеңеюде

Егін алқабы кеңеюде

Қарағандыда егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Биыл жаздың ыстық болуына байланысты қырда қызу тірлік ерте басталды. Қазір егіннің 70 пайызы жиналған. Саланы әртараптандыру аясында майлы дақылдардың егіс алқабы төрт есеге ұлғайып, 114 мың гектарға жетті. Ал картоп пен көкөніс егілген алқап көлемі 13 мың гектардан асады. Егін жинау жұмыстарының барысымен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров танысты.


Бөлісу