Жаңа экопарк салынуда
Абай ауданында қараусыз қалған аумақтың орнына жаңа экосаябақ салынып жатыр. Қазір аумақта серуендеуге арналған жолдар, футбол алаңы мен ашық аспан астындағы амфитеатр бар. 14 мыңға жуық ағаш пен бұта отырғызылған. Саябақтың абаттандырылу барысы облыс әкімінің жұмыс сапары кезінде таныстырылды.