Жаңа зал – жас спортшылар игілігіне
Қарағандыда жасөспірімдерге жаттығу жасайтын және болашақ чемпиондарға арналған жаңа алаң пайда болды. Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте жаңа спорттық зал ашылды. Мұнда оқушылар еркін, грек-рим және әйелдер күресімен тегін айналыса алады. «Мектептегі күрес лигасы» жобасы аясында жабдықталған заманауи залда жас спортшылардың шеберлігін шыңдалады.