Нысандар тұрғындарға қауіп төндіріп тұр
Отыз жылға жуық қараусыз қалған білім мекемесі. Майқұдықтағы 11А шағын ауданында орналасқан бұрынғы №12 мектеп ғимаратының сиқып кетіп, сұрқыда қашқан. Өзекті мәселеге байланысты телеарнамызға тұрғындар шағымданды. Қауіпсіздік пен жауапкершілік кімнің мойнында? Алайда аталған нысанды коммуналдық меншікке беру туралы былтырдан бері іс жүргізіліп жатыр. Бірақ сот процессі әлі аяқталған жоқ.