«Qarqaraly bugyly trail» марафоны өтті
Қарқаралы ауданында дәстүрлі республикалық «QARQARALY BUGYLY TRAIL» марафоны өтті. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған жарыс Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналды. Салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген желаяқтар қатысты.