Бюджет қаражаты талқыланды
Аймақтық бюджет өзекті міндеттерді ескере отырып түзетілді. Қосымша қаражат денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұрғындарды әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталады. Депутаттар осы жылға арналған бюджетке тиісті өзгерістерді облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында бекітті.