Мемлекеттік қызмет – маңызды міндет
Осы жылдың 1 шілдесінде елімізде жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы күшіне енген болатын. Осыған орай, өзге салалар сияқты мемлекеттік қызмет жүйесінде де бірқатар маңызды өзгерістер жүзеге асырылуда. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы Нұра ауданының жергілікті қызметкерлермен кездесті. Аудан әкімінің төралығымен өткен бұл жиынға ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты. Басқосу барысында мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысы мен мансаптық дамуына тікелей әсер ететін негізгі заңнамалық өзгерістер кеңінен түсіндірілді.