Өрт оқиғалары азаймай тұр
19 шілде күні Қарағанды қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында өрт шығып, алты «Shacman» жүк көлігі мен бір «ЗИЛ» автокөлігі отқа оранды. Салдарынан төрт самосвал толықтай жанып кеткен. Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.