Шағын бизнес – өңір экономикасының қозғаушы күші
Қарағанды облысында бүгінде 94 жарым мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп тұр. Шағын және орта бизнес өңірдегі еңбекке қабілетті халықтың тең жартысына жуығын жұмыспен қамтып отыр. Ал биылғы алты айда кәсіпкерлердің бюджетке төлеген салығы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,3 пайызға артқан.