Көзі ашылған бұлақ – көптің ырысы
Қарағанды облысында бірнеше бұлақтың аумағы ретке келтірілді. Игі бастама «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы мен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.Енді ауыз суды алу ғана қауіпсіз емес, бұл жер демалуға да қолайлы. Атқарылған жұмыс барысын Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев пен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бағалады.