Тазалыққа жаңа көзқарас
Қарағандыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аулаларды күтіп ұстаудың жаңа үлгісі қолға алынды. «Әмбебап аула сыпырушы» пилоттық жобасы іске қосылып, оған 186 көпқабатты тұрғын үй қамтылды. Әр аумаққа бір маман бекітіліп, ол тек тазалыққа ғана емес, ауланың жалпы күтімі мен тәртібіне де жауап береді.