Экологиялық бақылау күшейді
Қарағанды облысында жыл басынан бері экологиялық талапқа сай келмеген кәсіпорындарға 25 әкімшілік хаттама толтырылып, жеті айыппұл салынған. 66 экологиялық тексеріс жүргізілген. Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілуде. Мамандар жасанды жер серігінің көмегімен табиғи полигондарды анықтайды.Әрі мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыруды жалғастыруда.