Жыр додасының жүлделі үштігі
Қарағандылық оқушылар ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жері – Алматы облысы, Қарасаз ауылында өткен республикалық Мұқағали оқуларында топ жарды. Биылғы сөз өнерінің додасы 80-ге жуық дарынды мектеп оқушысы жинаған. Үш күнге созылған жыр бәйгесінде қатысушылар ақын шығармаларын мәнерлеп оқу, төл туындыларын ұсыну және жыр эстафетасы аталымдары бойынша бақ сынасты.