Күймен өрілген күн
Қарағандыда Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – Ұлт қазынасы» облыстық өнер акциясы өтті. Сәкен Сейфуллин атындағы театрдың алдында өткен шараға аймақтың түкпір-түкпірінен жүздеген күйші жиналды. Құбылмалы ауа райына қарамастан, өнерпаздар Сарыарқа төсін күйге бөледі.