Ат үстіндегі оңалту
Қарағандыда иппотерапия бағдарламасына қатысушылар саны соңғы жылдары шамамен 16 есеге артты. Алғаш іске қосылған жылы тегін оңалтудан ерекше қажеттілігі бар небәрі 12 бала өтсе, бүгінде олардың саны 190-ға жеткен. Биылдан бастап бұл қызмет мүмкіндігі шектеулі ересектерге де қолжетімді болды. Атпен емдеу науқастардың физикалық және психологиялық жағдайын жақсартуға қалай әсер етеді? Толығырақ алдағы бейнематериалда.