«Көкмайса – даланың тірі тарихы»
Ұлытау төрінде ұлттық құндылықтар ұлықталып, салт-дәстүр жаңғырды. Жаңаарқа ауданында қазақ халқының бай мұрасын дәріптейтін дәстүрлі «Көкмайса – даланың тірі тарихы» этнофестивалі басталды. Биыл он бірінші рет ұйымдастырылған ауқымды шараға 10 мыңға жуық адам жиналды.