Өңірде тың жоба қанат қақты. Осакаров ауданында қуаты 500 МВт болатын елдегі ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды. Жобаның құны 600 миллион доллардан астам. Бұл өңірді энергиямен қамтамасыз етумен шектелмейді.Басты кезекте бастама Қарағанды облысының энергетикалық келбетін өзгертуге бағытталған.