Өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырған әйелге қатысты даулы іс сотта қаралуда. Қарағанды облысы мен еліміздің әр өңірінен 130-ға жуық адам ірі алаяқтықтың құрбаны болды. Күдікті «ескі несиелеріңізді толық жауып беремін» деп сендіріп, азаматтарды жаңа қарыз рәсімдеуге көндірген. Тұрғындар қомақты қаражатты жеке шотына және делдалдар арқылы табыстаған.