Қарағанды әуежайы ауқымды жаңғырту кезеңіне қадам басты. Алдағы 25 жылға арналған даму мастер-жоспары әзірленді. Құжатты халықаралық сарапшылар дайындаған. Негізгі басымдық - мультимодальды әуе хабын қалыптастырып, оның айналасында ірі жүк экожүйесі QarGoCity жобасын іске қосу. Бастамаға мемлекет пен жергілікті билік қолдау білдіріп отыр.