Қарағандыда өткен «Даланың Қуаты VI» Азия чемпионатына 7 елден спортшылар қатысты. Қатысушылар жүлде үшін ғана емес, Азия рекордтарын жаңарту үшін де бақ сынады. Жарысқа әртүрлі жас санатындағы спортшылар қатысты. Чемпионатты пауэрлифтинг қауымдастығының президенті, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшесі Қарағанды облысы Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды.