Ағадыр станциясында жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті. Қайғылы жағдай қыс мезгілінде болғанымен, тергеу әлі жалғасуда. Бұл жалғыз дерек емес. Жыл басынан бері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 600-ден астам адам жауапкершілікке тартылған. Қауіпсіздікті күшейту барысында Қарағандыда жасөспірімдерге арналған тәжірибелік форматтағы сабақ ұйымдастырылды. Жазғы демалыс қарсаңында көлік полицейлері локомотив депосында көшпелі дәріс өткізді.