Қарағанды облысына Гори, Каспи, Карели және Хашури муниципалитеттеріндегі мемлекеттік өкілі, губернатор Симон Гуледани бастаған грузин делегациясы келді. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен өткен кездесуде өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Нәтижесінде Қарағанды мен Гори қалалары арасында бауырластық байланыс орнату туралы меморандумға қол қойылды.