Үш күнде төрт мың заң бұзушылық анықталды
Үш күнде төрт жарым мыңнан астам заң бұзушылық тіркелді. Қарағанды облысында Астана және Ақмола облысының полиция қызметкерлерінің қатысуымен ауқымды жол рейдтерінің қорытындысы шықты. Күшейтілген патрульдер жолдардың ең қауіпті учаскелерінде кезекшілік етті.