Қарағанды облысында Saran индустриялық аймағы өңір өнеркәсібінің негізгі өсім нүктелерінің бірі.Мұнда бірқатар кәсіпорындар табысты жұмыс істеп, жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Ал жақын уақытта оның аумағында шағын және орта бизнес өндірістерін орналастыруға арналған шағын индустриялық аймақ ашылады. Бұл кәсіпкерліктің дамуына қосымша серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді.