Қарағанды облысында ұлттық спорт түрлерін дамытуға жаңа серпін берілмек. Өткен жылы өңірде 6 мыңнан астам адамның қатысуымен ірі жарыстар ұйымдастырылды. Биыл спортшылар қарқынды төмендетпей, ұлттық спортты жаңа деңгейге шығаруға ниетті. Болашаққа арналған жоспарлар мен мүмкіндіктер федерацияның бейінді кеңесінде облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжановтың қатысуымен талқыланды.