Қарағандыда пара үстел теннисінен республикалық турнир жалауын желбіретті. Жарысқа еліміздің 8 өңірінен 60-қа жуық спортшы қатысты. Екі күнге жалғасқан додада қатысушылар жеке және абсолюттік біріншілікте өзара мықтыны анықтады.