Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында "Тазару күні"ауқымды экологиялық акциялары өтті. Игі шаралар Наурызмнаманың онкүндігі аясында жалғасын тапты. Тұрғындар, еріктілер және бизнес өкілдері аулалар мен гүлзарларды ретке келтіру жолында серпін танытты. Олар бір күнде мыңдаған гектар аумақты тазартып, ондаған мың тонна қалдықтарды шығарды.