Ұлттық ойындар, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен қызықты концерттік бағдарлама. Жаңаарқа ауданының тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін осылай қарсы алды. Мәдениет үйінің алдында киіз үй тігіліп, қонақтарға ақ дастархан жайылды.