Наурыз – жаңару мен молшылықтың символы. Бүгін бұл кең пейілділік барлық жерде сезіледі. Қалалар мен елді мекендердің алаңдарында ақ дастархан жайылып, орталық көшелер бойында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Жергілікті шаруалар қала тұрғындарын мерекеге орай қолжетімді бағамен сапалы өніммен қуантуда. Әріптесіміз Абай ауданында болып қайтты.