Қарағанды облысындағы ірі энергетикалық кәсіпорындарда шығарындылардың параметрлерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған мониторинг жүйесі енгізілуде. Бұл экологиялық бақылаудың ашықтығын арттырып, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.