Қала бойынша жұмыс сапары барысында аймақ басшысы "Шахтер" футбол стадионын жаңарту жұмысатарының сапасын тексерді. Сондай –ақ Ермағанбет Бөлекпаев автопарк басшыларымен кездесті. Қоғамдық көліктерді жаңарту мен қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерін талқылады.Облыс әкімі № 10 коллекторды жаңғырту жобасының іске асырылу барысын бақылап, шаһардағы кәсіпорындардың біріне де барды.